Жаз маусымындағы судағы қауіпсіздік
Жарқыраған су балаларды жаздың аптап ыстығында демалуға, суға түсуге, ойнауға мүмкіндік береді. Бірақ шомылу процедурасы тек қауіпсіз болып көрінеді.
Балалардың көбісу суда жүзу білмейді немесе нашар жүзеді, олар үшін арнайы қауіпсіздік құралдарын пайдаланыңыз. Балаңызға матрацтарда немесе үрлемелі сақиналарда жүзуге рұқсат бермеңіз,өйткені тастар мен ағаш бұтақтары жиі жарақатқа әкеледі. Балаларға суда ойын ойнауға жол бермеңіз, әсіресе су астында жасырынбақ немесе (судың астына батыратын)ойындарды ойнауға рұқсат беремңіз. Мұндай ойын-сауықтың соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін.
Батып жатқан адамға алғашқы көмек көрсету
Зардап шегушіге дұрысжәне уақытылы алғашқы көмек көрсету көбінесе оның өмірге қайта оралуының жалғыз мүмкіндігі болып табылады. Егер сіз кездейсоқ құтқарушы болып шықсаңыз, онда ең алдымен мынандай іс-әрекеттер істеу қажет:
Зардап шеккен адамды судан шығарғаннан кейін оның аузын бөгде заттардаң (балшық, шөп, т.б.) тазалаңыз.
Зардап шегушіні бүгілген тізеге ішін және бетін төмен қаратып жатқызып, қолын арқасына қайта-қайта басып өкпе мен трахеяға түскен суды кетіру.
1-2 минут тыныс алудың болмауы зардап шегушінің өліміне әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Жүректің тоқтап қалуының негізгі белгісі – тамыр соғуының болмауы, қаршықтардың кеңеюі.