«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа поселка Научный отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Егемендік — елдің баға жетпес игілігі

22.10.2025

🗣 Дебаттық турнир өтті
🎯 Тақырып: «Егемендік — елдің баға жетпес игілігі»

Мектебімізде  оқушылар арасында «Егемендік — елдің баға жетпес игілігі» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

🔹 Турнирдің басты мақсаты — жас ұрпақтың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін әрі дәлелмен жеткізуге машықтандыру, сонымен қатар Тәуелсіздік құндылығын терең ұғындыру.

💬 Пікірсайыс барысында оқушылар өзара өзекті мәселелерді талқылап, егемен ел болудың тарихи және заманауи мәнін ашуға тырысты. Қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, шешендік шеберліктерін таныта білді.

🇰🇿 Егемендік — бұл тек өткеннің жемісі ғана емес, ол — келешекке артылған аманат пен үлкен жауапкершілік.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың ел болашағына бейжай қарамайтын, саналы да салиқалы азамат болып қалыптасуына үлкен серпін береді.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст