Текст
Научный кентінің ЖОББМ КММ-де Республика күніне орай «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Республика күні мен оның тарихи маңызын түсіндіру, елге деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге құрметті қалыптастыру және ұлттық сана-сезімді ояту болды.
Іс-шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы маңызды оқиғалармен танысты. Мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері мен даму бағыттары туралы мазмұнды әңгімелер айтылып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі терең насихатталды.
Шара әсерлі, мазмұнды өтті. Оқушылар өз ойларымен, өнерлерімен бөлісіп, елінің тәуелсіз азаматы болуға деген мақтаныштарын білдірді