Мектепішілік "Математика – информатика" апталығының жоспарына сай 5 -6 сыныптар арасында «Ой мен ойын» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
І кезең: «Таныстыру кезеңі» топтар өздерің таныстырады.
ІІ кезең: «Суретпен мақал» сандар араласқан суретпен берілген мақалдарды шешеді.
ІІІ кезең: «Айтқанды ұғамыз, Білуге құштармыз!» логикалық есептің шешімін айтып орысша, ағылшынша аудармасын айту.
ІҮ кезең: «Мен саған сенемін» ауызша оқылған сөз есептің жауабын есептеп, көрмей жазу. Яғни, көздері байлаулы топ мүшелері айтылған есептің жауабын қолдарыңдағы ретсіз берілген әріптер арқылы құрайды.
Ү кезең: «Тапқыр болсаң тауып көр» капитандар сайысында топ басшысы түстерді ажыратып айтып шығады.
«Ой мен ойын» сайысында 5 А сынып «Бірлік» тобы жеңіске жетті. 6А сынып «Сандар данышпандары» тобы мықты қарсылас бола білді. Ойын арқылы мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, логикалық қабілеттерің және функционалдық сауаттылығын дамытуға тырысты.