Текст
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында 6 «Б» сыныбында «Салыстырмалы сын есімдер» тақырыбында ашық ағылшын тілі сабағы өтті.
Сабақ сөйлеу, оқу, жазу және тыңдау дағдыларын дамытуға, сонымен қатар грамматиканы меңгеруге бағытталған.
Сабақтың басында warm up әдісін, дәлірек айтсақ, "Simon says" ойынын қолдану арқылы балалар ағылшын тілін үйренуге бейімделді, бұл оларға бүкіл сабақ барысында белсенді болуға мүмкіндік берді.
Жеке, интерактивті тапсырмалар (wordwall платформасы) арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекітті.
Сабақтың соңында өзін-өзі бағалау және рефлексия әдісі де қолданылды.