Текст
6 сәуір күні 8 «А » сынып оқушылары сәуір айының тәрбие жоспары бойынша Астана қаласы Музыкалық жас көрермендер театрының «Гауһартас» қойылымын тамашалады
«Гаухартас» - қазақ даласындағы қарапайым отбасының сырын ашатын, 1975 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын музыкалық драма. Қатал тәрбиеленген екі ағайынды Тастан мен еркелетіп тәрбиеленген Қайыркен бір-бірімен қақтығысады. Отбасылық мәселелер ән айтуға құмар және мінезі жібектей Салтанат есімді қалыңдықтың келуімен одан әрі қиындай түседі.
Оқушылар қойылымнан керемет әсер алып, рухани демалып қайтты