Текст
Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша “Күзгі асар” атты дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларды еңбекке баулу, адал еңбектің қадірін түсіндіру, ұйымшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мен әлеуметтік белсенділігін арттыру да назардан тыс қалған жоқ.