Текст
15.10.2025
Мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Дублер күні» ұйымдастырылды. Бұл күні жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің орнына сабақ өткізіп, ұстаздық еңбектің жауапкершілігі мен қызықтарын сезіне білді. Оқушылар үшін бұл күн ерекше әсерлі өтті, себебі олар өзін жаңа қырынан танып, мұғалім болудың мәртебесін сезінді. Іс-шара барысында оқушылар ұйымшылдықты, шығармашылықты және жауапкершілікті көрсете білді.
