Текст
Бүгінгі салтанатты іс-шарада “Научный кентінің ЖОББМ” КММ-де 5 “А” және 5 “Б” сынып оқушылары “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Сонымен қатар 1 “А” және 1 “Б” сыныптарының оқушылары “Жас қыран” ұйымының мүшелері атанды. Бұл — олардың Отанға деген сүйіспеншілігін, елге қызмет етуге деген алғашқы қадамдары!