Текст
Мектептің іс-шаралар жоспары аясында 2025 жылғы 04 ақпанда «Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де оқушыларды мектеп ғимаратынан эвакуациялау бойынша жаттығу өтті. Оқу жаттығуларының тақырыбы: “Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі” төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіру. Іс-шара қорытындысы бойынша норматив тіркелді, эвакуация маршруттарымен жұмыс жасалды, жаттығу тақырыбы аясында түсініктемелер берілді.