Текст
2025 жылы 1 қыркүйек күні “Научный кентінің ЖОББМ” КММ-де “Білім күніне” арналған “Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Шортанды ауданың Маслихатының төрағасы - Садвокасова Гульнур Ануарбековна, Дамса ауылдық округі әкімінің орынбасары - Землянко Андрей Алексеевич қатысты. Мектеп директоры Жылкыбаева Меруерт Серикбаевна оқу жылының ашылу рәсімін бастап, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды білім күнімен құттықтады. Жаңа оқу жылы барша шәкірттерміз үшін сәттілікке, білім мен жетістіктерге толы жыл болсын!